Франция президенті Ф.Олландтың рейтингі 21 пайызға өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олландтың әрекеттерін мақұлдау рейтингі Париждегі қаңтар айындағы исламшылардың шабуылдарынан кейін күрт өсіп кетті. Мұны Франциядағы қоғамдық пікірді зерттеу институтының мәліметтері дәлелдейді.
None
None

Ұйым Олланд рейтингісінің 21%-ға дейін өскенін, яғни 40%-ды құрағанын тіркеді.

Би-би-си-дің Париждегі тілшісі Хью Скоуфилдтің атап өтуінше, Францияның үрейленген қоғамы Олландтың Парижде Бірлік маршын ұйымдастырудағы рөлі мен оның қаза тапқан үш полицеймен қоштасу рәсіміндегі сөздерін оң қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін француз президентінің рейтингі елдегі жұмыссыздықтың рекордтық деңгейге жетуі мен экономикалық өсімнің әлсіздігі салдарынан ең төмен деңгейге түсіп кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар