Франция Президенті күзетін тұңғыш рет әйел адам басқармақшы
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олландтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жасағының басшысы қызметіне тұңғыш рет әйел адам тағайындалып отыр. Бұл қызметке 44 жастағы қауіпсіздік маманы Софи Атт келді, деп хабарлайды Lenta.ru Gala.fr-ге сілтеме жасап.
Басылым мәліметтеріне сәйкес, Аттның кандидатурасына Олландқа оның партияласы, Францияның бұрынғы премьер-министрі Лионель Жоспен кеңес беріпті. Кезінде Жоспен үкіметті басқарған сәтінде Софи оның қауіпсіздігіне жауап берген екен.
Бұдан бөлек, Associated Press хабарлағандай, Олландтың сайлауалды науқанында берген мемлекеттік шығындар көлемін айтарлықтай қысқарту туралы уәдесіне сәйкес, жасақтың қызметкерлер саны азайған. Егер бүгінге дейін оның құрамында 93 адам болса, қазір солардың саны 60-қа дейін қысқартылды, деп жазды BNews.kz.