Франция президенті мінберде сөйлеп тұрғанда мылтық атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция ел президенті Франсуа Олланд сөз сөйлеп тұрғанда полиция мергенінің мылтығы байқаусызда атылып кетті. Қаңғыған оқтан даяшы және тағы бір қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Франция президенті мінберде сөйлеп тұрғанда мылтық атылды

Оқыс оқиға Францияның батысындағы Вильоньон коммунасында болды, онда Олланд жүрдек пойыздардың жаңа желісін ашу салтанаты кезінде сөз сөйлеп жатқан. Оқ атылған кезде президент сөзін тоқтатып: «Меніңше айтарлықтай ештеңе болмаған секілді», деп мәлім етті.
 

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, мерген қаруының оқ атылмайтын тетігін басуды ұмытып кеткен. Зардап шеккендердің екеуінің де аяғы жараланған. Олар қазір ауруханаға жеткізілді. Полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.