Франция Президенті Олланд Еуро-2012 қарсы байкот жариялағандарға қосылды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың айналасындағы жағдайға байланысты

Франция Президенті Олланд Еуро-2012 қарсы байкот жариялағандарға қосылды

Украинада өтетін футбол бойынша Еуропа чемпионатының матчтарына бармайтындығын білдірді. Бұл туралы AFP сайтында айтылады.

«Мен футболды өте қатты ұнатамын, бірақ Украинада болып жатқан жағдай проблема туындатпақ», - деді ол Брюссельде өткен Еуропалық одақ саммитінен кейін берген баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель Еуро-2012-ге Тимошенко бостандыққа шығарылғаннан кейін ғана баратындығын айтқан болатын. Меркель неміс министрлерін де Украинаға сапардан бас тартуға шақырды. Украинаға қарсы байкотты сондай-ақ, британ ханзадасы Уильям, Австрия, Голландия және Бельгияның саясаткерлері жариялады.

Еуро-2012 Украина мен Польшада 8 маусымда басталып, 1 шілде күні аяқталады. Турнирге 16 құрама қатысады.