Франция президенті өз елінің НАТО-ға мүше болу мәселесін қайта қарауға бел буды

АСТАНА.19 шілде. ҚазАқпарат -Франсуа Олланд бұрынғы Сыртқы істер министрі Юбер Ведринге Францияның Солтүстік Атлант альянсымен ынтымақтастығын қайта қарауды тапсырды.

Франция президенті өз елінің НАТО-ға мүше болу мәселесін қайта қарауға бел буды

Бұл мәселені қайта қарау барысының қорытындысында Париж халықаралық әскери құрылымнан қайта шығу туралы шешім қабылдауы ықтимал, деп хабарлайды РБК .

Еске сала кетсек, осыдан үш жыл бұрын Николя Саркози  Францияның НАТО-ның толық құқылы мүшесі болуына қол жеткізген еді.