Франция Президенті Украинада өтетін Футболдан Еуропа чемпионатына бармайтын болды
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Францияның жаңа Президенті Франсуа Олланд Украинада өтетін Футболдан Еуропа чемпионатына бармайды.
Бұл шешімі туралы ол Еуроодақтың бейресми саммиті кезіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС .
«Мен футболды жақсы көремін, бірақ Украинада болып жатқан жағдай маған ұнамайды», - деді ол өз сөзнде.
Мамыр айының басында ЕО СІМ басшыларының кездесуінде 27 елдің қауымдастығы Юлия Тимошенконың ісіне байланысты Евро-2012 додасына саяси байкот жариялау туралы келісімге келе алмады. Нәтижесінде командалары чемпионатқа қатысатын еуропа елдерінің көшбасшылары Украинаға бара ма, жоқ па, өздері шешім қабылдамақ. Бұдан бұрын ГФР канцлері Ангела Меркель бұл ойынға бармайтынын ашық мәлімдеген болатын.