Франция СІМ басшысы Астана процесіне баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы келіссөздер сириялық реттеудің маңызды кезеңі.
Оларға мүмкіншілік беру барынша өзекті болды. Дағдарысты шешудің келіссөздерден басқа жолы жоқ. Ресейдің Жаңалықтар агенттігі ақпаратына сәйкес, мұндай пікірді Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана - бұл кезең. Біз оларға бейбіт реттеуге мүмкіншілік беруге тиіс едік. Бұл шындық, біз барлық оппозицияның басын қосу қиын екендігін көріп отырмыз. Дегенмен, соғысты тоқтату туралы қарарға қол қоюмен аяқталған Ресей, Түркия және Иранның бастамасы бар. Олар соғысты тоқтату режімі үшін шартты жүзеге асыру міндетін өздеріне алып отыр», - деді ол Парижде ГФР-дің жаңа СІМ басшысы Зигмар Габриэлмен кездесуінен кейін.
Ол таяуда ғана БҰҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізгенін және оның БҰҰ өз тәжірибесімен және мүмкіншілігімен соғысты тоқтату режімін сақтауға бақылау тетіктерін жүзеге асыруға дайын екендігін білдіргенін атап өтті.
«Келесі қадам - БҰҰ аясында қалып отыр. Женевада тез арада келіссөздер үстеліне оралу қажет. 8 ақпан датасы жайында қазіргі уақытта хабарланды. Бірақ, әлі күнге дейін барлығы да келіссөздер үстелінде бас қосуы үшін шарттары қалыптастырылған жоқ», - деді Эйро.
Сонымен қатар ол Сирия жанжалын келіссөздер арқылы, саяси жолмен шешуден басқа мүмкіншілік жоқ екендігін баса айтты.