Франция Сыртқы істер министрі Қазақстанды БҰҰ ҚК мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Француз Республикасының Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Жан-Марк Эйромен телефон арқылы сөйлесті.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша , француз министрі Қайрат Әбдірахмановты жақындағы тағайындалуымен және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.
Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуына ризашылықтарын білдіріп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелері және күн тәртібіндегі өзге де өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге француз тарапы бастамашы болды.