Франция сыртқы істер министрі отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиус отставкаға кетті. Ол бұл туралы Министрлер кеңесі отырысының аяғында жариялаған.
Оның орнына ел президенті Франсуа Олланд Францияның Конституциялық кеңесінің төрағасын тағайындауы мүмкін. Фабиус сыртқы істер министрлігін 2012 жылдың мамырынан бері басқарған. Ол 1984 жылы 37 жасында премьер-министр лауазымын иеленіп, ел тарихындағы ең жас үкімет басшысы атанды. Қазір Фабиус 79 жаста, деп хабарлайды 24.kz.