05:22, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Франция сыртқы істер министрінің баласы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Невада штаты полициясы Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың 33 жастағы ұлы Томас Фабиусты тұтқындауға рұқсат алды, деп хабарлады Reuters.
Агенттіктің жазуынша, 2012 жылы Фабиус Лас-Вегастағы ойынханаларда жеке есеп шотында қаражат болмаса да 3,5 млн долларға үш чек жазып берген. Осыған байланысты оны, АҚШ билігі алаяқтық және ұрлық жасады деп айыптап отыр. «Айыптауға байланысты Фабиустың өкілдерімен сөйлесіп, пікір алуға ммкіндік туған жоқ», делінген Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып таратқан «ТАСС» ақпаратында. Фото: John Locher / АР