Франция тұрғындарын вакциналау қарқынын жылдамдатты

БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция елінің президенті Эмманюэль Макрон 15 маусымнан бастап COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 18 жастан асқандар үшін қолжетімді болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Франция көшбасшысының Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.

Франция тұрғындарын вакциналау қарқынын жылдамдатты

Бұдан басқа, президент 1 мамырдан бастап елде 55 жастан асқан адамдарға вакцина егіле бастайтынын хабарлады.

Францияда вакциналаудың келесі маңызды кезеңі 15 мамырға жоспарланған, бұл кезде медициналық орталықтарға 50-54 жас аралығындағы адамдар шақырылды.

Public Health France мәліметінше, 28 сәуірдегі жағдай бойынша Францияның 14,9 млн тұрғынына кем дегенде бір екпе салынған, соның ішінде 6,3 млн тұрғын екі доза егілді. 60 жас және одан асқандардың 40 пайызға жуығына әлі вакцина алынбады.

Бұған дейін Франция билігі Еуроодақтың барлық елдерінің арасында вакциналау процесін баяу бастағаны үшін сынға ұшырады.