14:53, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Франция үкіметі отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция премьер-министрі Мануэль Вальс дүйсенбі күні үкіметтің отставкаға кеткені туралы жариялады.

Франция президенті Франсуа Олланд мұны қабылдап, Вальсқа жаңа министрлер кабинетін құруды тапсырды. Бұл 26 тамызда жүзеге асады деп күтіледі.
Осыған дейін премьер мен елдің экономика министрі Арно Монтебур арасында келіспеушілік орын алған болатын.
Өткен демалыс күндері Монтебур қатал экономика саясаты елдің экономикалық даму қарқынын бәсеңдететінін айтып, Германияның ықпалымен жүзеге асып жатқан бағытты өзгертуді сұраған.