Франция Үкіметі президенттік сайлау күнін жария етті

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Франция Үкіметі бүгін елдегі президенттік сайлау күнін белгіледі. Сайлаудың екі кезеңі 2012 жылдың 22 сәуірі мен 5 мамыры күндері өтетін болады, деп мәлім етті француздық министрлер кабинетінің ресми өкілі Франсуа Баруан.

Франция Үкіметі президенттік сайлау күнін жария етті

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, сайлаудағы негізгі екі қарсылас қазіргі ел президенті Николя Саркози мен социалистік партия өкілі болмақ. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама социалистер атынан Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан сайлауға түсуі мүмкін екенін көрсетті.

Ф.Баруан сондай-ақ Франциядағы парламенттік сайлау да екі раундта 2012 жылдың 10 және 17 маусым күндері өтетіндігін хабарлады.