Францияда 1,9 тонна есірткі жасырылған жүк көлігі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз жандармдары 1,9 тонна каннабис жасырылған жүк көлігін тоқтатты. Figaro газетінің жазуы бойынша, рульде Италиядан келе жатқан Румынияның азаматы отырған.

 Францияда 1,9 тонна есірткі жасырылған жүк көлігі ұсталды

Қазір тұтқындалған жүргізуші Лиллада қамауда отыр.

БАҚ атап өткендей, көліктегі есірткі затын табуға Великобританияның полицейлері көмектескен.