Францияда 1 шілдеден бастап бір реттік пластик пакеттерге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда осы жылдың 1 шілдесінен бастап супермаркет кассаларында жиі беретін бір реттік пластикалық пакеттерге тыйым салынады. Бұл шара азық-түлік дүкендеріне ғана емес, сонымен бірге дәріхана, нан-тоқаш дүкендері, базар және басқа да сауда орындарына қатысты.
None
None

Францияда қалыңдығы кемінде 50 мкм ақылы немесе тегін полиэтилен пакеттерге тыйым салынады. Сатып алушылар қалыңдығы 50 мкм  бірнеше рет пайдалануға болатын пластикалық пакеттерді немесе қағаздан жасалған пакеттерді сатып алуы мүмкін.

Францияда көптеген дүкендер бір реттік пластикалық пакеттерден декрет күшіне енгенге дейін бас тартты немесе  пакетті ақылы етті.

Бір реттік пакеттер 100-400 жыл ішінде ыдырайды. Жыл сайын Еуропада 8 миллиард пластикалық пакет қоқысқа тасталады.

Соңғы жаңалықтар