15:50, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Францияда 10 еуро номиналды күміс шақа сериясы шығарылды
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Францияда 10 еуро номиналды күміс шақа сериясы шығарылды,

деп хабарлайды France Info.
Париж шақа сарайының өкілі Кристоф Боның айтуынша, акцияның негізі мақсаты азаматтардың еуроға деген көзқарасын түзеп, қарым-қатынасын арттыру болып табылады.
Сарай барлығы 4 миллион шақа шығарып отыр. Олардың безендірілуіне Франция мен Нормандияның, Бретанияның, тағы басқа да тарихи аудандардың елтаңбасы мен картасы пайдаланылған. Енді өзіндік құны 4-5 еуро тұратын аталмыш ақша белгілері елдің үш мыңдай пошта бөлімшелері арқылы сатылмақ.