Францияда 5 мың еуро құндылықтағы алтын шақа соғылды

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Париждің Монета сарайы 5 мың еуро номиналымен алтын тиындардың топтамасын соғып шығарды.
None
None

2 мың шақадан тұратын коллекциялық тираж антикалық аңыздың белгілі кейіпкері Гераклға арналды.

Шақалар 12-28 қараша аралығында сатылымға түсетін болады.

Коллекциялық шақалардың нақты құны - 3 мың еуродан сәл астам. Нарықта оны Францияның кез келген банкінде номиналдық құны - 5 мың еуроға сатуға болады.

Уақыт өте келе оның коллекциялық құны артатын болады. Мысалға, Францияда 2009 жылы аз данамен шығарылған 200 еуро номиналындағы мерейтойлық шақаны нумизматтар бүгінде 2 мың еуроға ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар