Францияда Абайдың ескерткіш-бюсті ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Ренн қаласында Абайдың ескерткіш-бюсті ашылды.
None
None

Бұл туралы дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Францияның Ренн қаласындағы Алматы саябағында Абай атамыздың ескерткіші ашылды. Француздың атақты ақыны Луи Арагон «Біздің французда Абайға тең келер ақын жоқ. Болған емес. Оның шығармалары 19 ғасырдың ең үздік классикасына жатады» деген екен. Кешке осы шараға байланысты арнайы концерт береміз», - деп жазды әнші парақшасына.

Соңғы жаңалықтар