Францияда әнші Мирей Матьенің анасы өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда белгілі әнші Мирей Матьенің анасы қайтыс болды. Жанұяға сілтеме жасап Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, Марсель-Софи Матье 95 жасында өмірден озды.
Соңғы бірнеше күнде жағдайы күрт ауырлаған әншінің анасы Францияның оңтүстігіндегі Авиньон қаласындағы госпиталь дәрігерлерінің бақылауында болды. Мирей Матье мен оның 13 бауыры мен әпке-қарындастары осы Авиньонда дүниеге келген.
1962 жылдан бастап Мирейдің анасы қызының барлық дерліктей концертінде болды.