01:42, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Францияда әскери ұшақ мүгедектер орталығы ғимаратына құлаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда әскери әуе күштерінің ұшағы мүгедектерге көмек көрсету орталығының ғимаратына құлады.
Alphajet оқу-жаттығу ұшағы Тур қаласындағы авиабазадан ұшып шыққан. Апат салдарынан бір адам ажал құшып, кемінде үш адам түрлі жарақаттар алған. Оқиға Вувре ауданының маңында орын алған. Басылымның хабарлауынша, апат орын алған сәтте ұшақта екі адам болған. Техникалық ақаулардың туындауы себепті ұшқыш пен оның қасындағы нұсқаушы ұшақтан секіріп үлерген. Ал зардап шеккендер - аталмыш орталық ғимаратында сол уақытта болған адамдар, деп хабарлайды La Nouvelle Republique.