Францияда әтір тиелген екі жүк көлігі ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулердің тобы сейсенбіге қараған түні Париж маңындағы логистикалық орталыққа түсіп, екі жүк көлігіне тиелген белгілі маркалы әтір қораптарын ұрлап кетті, деп хабарлады РИА Новости.
Дереккөздің айтуынша, қаруланған адамдар түнде қойма аумағына кірген. Олар логистикалық компания қызметкерлерінің бірін ұстап алған. Дүкендерге жөнелтуге дайын тұрған парфюмерия тиелген жүк көліктеріне отырып, қылмыс орнынан іздерін жасырып үлгерген. Кейінірек ұстап алған жүргізушіні А21 күрежолының жанында жібере салған. Алдағы уақытта тергеушілер одан жауап алады. Алдын-ала болжам бойынша, ұрланған жүктің құны бірнеше жүз мың еуро болуы мүмкін.