Францияда аяздан алты адам үсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияны қыспаққа алған қатты суық алты адамның ажалына себеп болды, деп хабарлады Росбалт.

Францияда аяздан алты адам үсіп қалды

The Local хабарлағандай, Парижде, Ривьерде, Аверонда, ел солтүстігіндегі Дуэде баспанасыз үш қаңғыбас үсіп өлді. Қазір қаза тапқандар саны 6 дамға жетті.

Температураның күрт төмендеуінен демалыс күндері Францияның көптеген қалаларында төтенше жағдай белгілері байқалды. Билік қаңғыбастардың түнеуіне көптеген орын бөлгеніне қарамастан, көшеде үсіп қалғандар көбейді.