Францияда балалары перзентханада ауысып кеткен екі отбасыға 2 млн. еуро төленетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы Грас қаласының соты Канндағы перзентханада 20 жыл бұрын дүниеге келген қыздары шатастырылған екі отбасыға 1,8 млн. еуро төлеуді міндеттеген.

Францияда балалары перзентханада ауысып кеткен екі отбасыға  2 млн. еуро төленетін болды

Бұл қателік нәрестелерді байқамай шатастырып алған кіші медбике әрекеттерінің салдарынан болды. Екі әйелге олардың күдік білдіргендіктеріне қарамастан бөтен балалар табысталған.

Он жыл өткен соң отбасылық жұптардың бірі әкелік және аналыққа тестілеуден өткен соң, бөтен баланы өсіріп жүргендерін білді. Сол кезден бастап олар өздеріне ұқсамаған қыз баланың туған ата-анасын іздеуге кірісті.

Біраз уақыт өткен соң бұл отбасы да табылды, бірақ ата-аналар ештеңе өзгертпеуге шешім қабылдаған. Дегенмен олар балаларын ауыстырып берген перзентхананың үстінен сотқа шағымданды.