Францияда Борис Березовскийдің екі яхтасы тұтқындалды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ресейдің өтініші бойынша Францияда атақты кәсіпкер Борис Березовскийдің жалпы сомасы 20 млн. АҚШ долларын құрайтын екі теңіз яхтасы тұтқындалды.

Францияда Борис Березовскийдің екі яхтасы тұтқындалды

Соған қоса, кәсіпкердің басқа да құнды мүліктері, соның ішінде суреттері тәркіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС РФ Бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гридневаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Биылғы жылдың ақпан айында РФ Бас прокуроры Юрий Чайканың сапарынан кейін белсенді бола бастаған Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы мен Франция республикасы құзыретті органдарының арасындағы тығыз және жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде француз құқық қорғау органдары Борис Березовскийге тиесілі екі яхта мен өзге де мүліктерді тұтқындады», - деді РФ Бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гриднева.