Францияда бұзақылар 897 машинаны өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның ұлттық мерекесі - Бастилияны алған күнді атап өту кезінде бұзақылар 897 автомобильді жағып жіберген, деп жазады ТАСС.
None
None

Францияның министрлік өкілдерін таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен жылы осы мереке кезінде 855 көлік өртенген. Елдегі басты мерекені тойлау кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 368 адам қамалған.

«Елдің бірқатар қалаларында құқық қорғау өкілдеріне шабул жасау оқиғалары болды. Оның салдарынан 30-ға жуық полиция мен әскери қызметкерлер зардап шекті», - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Айта кетейік, елдегі мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін 86 мың полиция қызметкері, сондай-ақ «Сантинель» күзет операциясы аясында 7 мың әскери қызметкер қадағалады.

Соңғы жаңалықтар