Францияда екі тікұшақ соқтығысып, 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда бес адам әуе апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Euronews. Едің оңтүстік батысында құрылықтағы әскерлерге қарасты жеңіл авиация училищесіне тиесілі екі әскери тіқұшақ соқтығысқан.

Францияда екі тікұшақ соқтығысып, 5 адам қаза тапты

Олардың бірі толықтай қирап, екіншісі жанып кетті.

Қайғылы жағдай Карсэ көлі маңындағы Сен-Тропе курорттық қаласынан 50 шақырым қашықтықта болған. Апат болған жерге құтқарушылар мен әскери қызметшілер, сондай-ақ іздеу тікұшақтары барды.

Қаза тапқандардың отбасларына Франция президенті мен қорғаныс министрі көңіл айтты. Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.