Францияда екі ұшақ соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда Тур қаласының маңайында жеңіл моторлы ұшақ пен аса жеңіл ұшу аппаратының соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Францияда екі ұшақ соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты

Оқыс оқиға 10 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да орын алған. Соқтығысқан екі ұшақ та жекеменшік үйдің бағына құлаған.

Кіші ұшақта екі адам, ал үлкені - Diamond DA40 бортында үш адам болған. Олардың бәрі қаза тапты.