Францияда фермерлер тракторларымен Парижге барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда провинциялардағы фермерлер бейсенбі күні трактормен наразылық шарасын ұйымдастыру үшін Парижге қарай бет алды, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

Парижге апаратын жолдардан мыңға жуық трактордың «сап» түзеген. Бірінші болып ел астанасына Бретань фермерлері келді.

Наразылық шарасына барлығы 1700 тракторшы қатысуы тиіс.

Фермерлер негізінен ауыл шаруашылық өнімдерінің арзан бағаға сатылуына қарсы.

Шілде айының соңында ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер Испания және Германиямен шекарадағы бірнеше жолдарды жауып тастап, бұл елдерден азық-түлік тиеп келе жатқан жүк көліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Олар арзан импорт Францияның ауыл шаруашылығын құлдыратады деп бадыл қақты.

Соңғы жаңалықтар