Францияда қарттар үйіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда қарттар үйіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайлы Хабар 24 телеарнасы.

Францияда қарттар үйіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

47 жастағы бұрынғы әскери қызметкер қарттар үйіне 25 қарашада ұрланып кіріп, сондағы әйел адамды өлтіргеннен кейін қашып кеткен.

Полиция әзірге оның мұндай қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмай отыр. Жергілікті ақпарат құралдары күдіктінің бұрын осы ғимаратта жұмыс істегенін айтады.

Шабуылдаушының қолында пышақ болған. Қайғылы оқиға кезінде қарттар үйінде 60-қа жуық адам тұрып жатқан. Олардың көбі кезінде Африка елдерінде миссионерлік қызметте болған қариялар екен.