Францияда қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилевті еске алуға арналған веложарыс өтеді

АСТАНА. қазАқпарат - 2016 жылдың 28 мамырында франциялық Сан-Лоран-Дю-Вар қаласында қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилевті еске алуға арналған «La Laurentine Andréï Kivilev» атты әуесқойлар веложарысы он бірінші рет өтеді.

Францияда қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилевті еске алуға арналған веложарыс өтеді

Жарыстың ұйымдастырушысы - франциялық «Stade Laurentin Cyclisme» атты велосипедпен жүру әуесқойларының клубы. Жыл сайын жарыстың сөресіне бірнеше жүздеген адам шығып отырады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұлар - велоспорт хоббиі болып табылатын қарапайым ғана адамдар. Түрлі жастағы адамдар қашықтықтардың біреуін - 105 немесе 150 шақырымды таңдай алады.

Жарысқа ниет білдірген барлық адамдар қатыса алады.