00:00, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Францияда қоғамдық көлік тегін жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж билігінің шешімімен Францияның солтүстігінде ауаның қатты ластануы салдарынан қоғамдық көліктер алдағы үш күнде халықты тегін таситын болады.
Қала тұрғындарын автокөліктерін үйде қалдырып, оның орнына метроны, автобустарды және велосипедтерді пайдалануға шақырды.
Сонымен қатар Францияның өзге бірқатар қалалары да осы тектес шаралар қабылдағаны жайында жариялады. Белгиядағы жолдардың басым көпшілігінде жоғары жылдамдыққа шектеу қойылды. Күннің жылынуы мен желдің болмауы осы өңірде түтіннің қоюлана түсуіне алып келді.