Францияда көлігімен жаяу жүргіншілерді басып кеткен жүргізуші 11 адамды жарақаттаған

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның шығысындағы Джион қаласында жексенбі күні денсаулығында психикалық ауытқушылығы бар жүргізуші «Аллах акбар» деп дауыстап, жаяу жүргіншілерді көлігімен басып кеткен. Оның бұл әрекетінен кемінде 11 адам жарақаттанды, деп хабарлады France Press агенттігі.

Францияда көлігімен жаяу жүргіншілерді басып кеткен жүргізуші 11 адамды жарақаттаған

Оқиға 21 желтоқсан күні кешке орын алған. Көлікті 1974 жылы туған ер адамның айдағаны белгілі болды. Оның аты-жөні аталмады. Болжам бойынша, ол психологиялық дерттен зардап шеккен. Қылмыскерді полиция қызметкерлері ол Джион қаласының бес түрлі жерінде жаяу жүргіншілерді басып өтпек болған әрекетінен кейін ұстады.

«Тоғыз адам болмашы жарақат алды, екі жаяу жүргіншінің жарақаттары елеулі. Бірақ қазір олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады дерек көзі.

Бұл оқиға Жуэ-ле-Тур қаласының полиция комиссариатында «Аллах акбар» деп дауыстаған ер адам тәртіп сақшыларына шабуыл жасағаннан кейін бір тәуліктен соң болды. Полиция қызметкерлері өздерін қорғау мақсатымен жас жігітті атып тастаған. Францияның ІІМ басшысы полиция қызметкерлеріне жасалған қатыгез шабуылды сөге отырып, сондағы полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен салқынқандылығын атап өтті.