Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Францияда көңіл көтеру кешінде 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Руан қаласында жастардың көңіл көтеру кеші кезінде оқыс оқиға орын алды.

Францияда көңіл көтеру кешінде 13 адам қаза тапты

Руандағы барда шыққан өрт салдарынан 13 адам ажал құшты, алтауы жарақаттанды. Paris-Normandie басылымының ақпаратынша, Le Cuba Librе бары отқа оранды. Онда 18-25 жас аралығындағы жастар солардың бірінің туған күнін тойлаған, деп хабарлады ТАСС.

Кей мәліметтерге қарағанда, өрт абайсыздан болған жарылыс салдарынан шығуы мүмкін.