08:13, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Францияда лимоннан шіркеу тұрғызылды
ПАРИЖ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Италиядағы «қызанақ мерекесін» білмейтін адам жоқ шығар. Ал Францияда «лимон мерекесі» өтетінін көпшілік біле бермейді.
Француздың Ментон қаласында бұл күндері «лимон фестивалі» өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап. Фестиваль аясында цитрустардан түрлі модельдер - автокөліктен бастап шіркеулерге дейін - жасауға 145 тонна апельсин мен лимон жұмсалып отыр, дейді фестивальдің ұйымдастырушылары.