Францияда Наурыз мерекесі ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркия қазақтарының Франциядағы қауымдастығы Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен Гарж-ле-Гоннес қаласы әкімшілігінің қолдауымен Наурыз мерекесін тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан дерктерге қарағанда, мерекеге Еуропадағы қазақтар қоғамының төрағалары, сонымен қатар Францияда тұратын қандастарымыз қатысты.

Күннің шуағы мен достыққа толы бұл күнде футболдан турнир өтті. Одан кейін Франциядағы Қорқыт-Абай қазақ мәдени орталығының өкілдері мен дарынды қандастарымыз сахнада қазақ музыкасын, әнін және биін ұсынды. Кішкентай бүлдіршіндер үшін арқан тарту, асық ату және тоғызқұмалақ дәстүрлі ойындары ұйымдастырылды.

Мерекеге орай орнатылған киіз үйде қонақтар наурыз көжеден және қазақтың басқа да ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар, ұлы ақын Абайдың шығармаларының француз тіліне аударылған жинақтары таратылды.



Соңғы жаңалықтар