Францияда оқушы сабақ үстінде мұғалімді өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Францияның Сен-Жан-де-Люз қаласында жоғары сынып оқушысы испан тілі мұғалімін өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Le Figaro сайтына сілтеме жасап.
None

Жергілікті БАҚ оқиғаның бүгін таңертең сабақ үстінде болғанын жазды. Билік оқиға орнында полиция мен жергілікті прокуратура жұмыс істеп жатқанын растады. Оқушы тұтқындалды. Мектепке, жеке католик мекемесіне кіретін және шығатын есіктер жабылды. Соңғы деректер бойынша, шабуыл таңғы сағат 10-да испан тілі сабағында жасалған.

Le Figaro дереккөзі ақпаратына қарағанда, мұғалімін өлтірген 16 жастағы оқушының құлағына түнде испан тілі оқытушысын өлтіруді сұраған дауыс келген.

«Бұл оқушыларға қандай психологиялық жарақат әкелгенін елестетудің өзі қиын», - деді үкімет өкілі Оливье Веран Министрлер кеңесінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында. Ол ұлттық ағарту, жастар және спорт министрі Пап Ндиайе оқиға орнына келетінін айтты.


Фото: lefigaro.fr




Соңғы жаңалықтар