Францияда өтіп жатқан жасөспірімдер біріншілігінде қазақстандық теннисші екінші айналымға өтті

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» жасөспірімдер біріншілігінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс екінші айналымға өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәртебелі «Ролан Гаррос» турнирі биыл өз жалауын мамырдың 31-і күні көтерген болатын. Оған Стефан Франссон бастаған қазылар алқасы төрелік етуде. Бұл дүбірлі додада қазақстандық Зарина Дияс алғашқы айналымда норвегиялық Улрикке Эйкиреден 6:2, 6:1 есебімен басым түсіп, екінші айналымға өтті. Жарыс жеңімпазының есімі маусымның 7-сінде белгілі болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум