Францияда өткен президенттік сайлауда Франсуа Олланд 51,67 пайыз дауыспен жеңіске жетті
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Солшылдар партиясының көшбасшысы Франсуа Олланд Францияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында 51,67 пайыз дауыс жинады,
деп хабарлайды ИТАР-ТААС.
ІІМ-нің берген мәліметіне сәйкес, Франсуа Олландқа жалпы алғанда 17 830 694 адам дауыс берді. Өзінің президенттік қызметінен кететін Николя Саркози 48,33 пайыз немесе 16 676 657 адамның дауысын жинады.
Жексенбі күні өткен сайлауға дауыс беруге Францияның 36,6 млн.-нан астам адамы қатысты, дауыс беру 81,03 пайызды құрады.
Сайлаудың ресми нәтижесін алдағы күндері республиканың Конституциялық кеңесі мақұлдауы тиіс.