Францияда ойынханаға келуші 500 мыңнан астам еуро ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ла-Рошель қаласындағы ойынханада «ескі» жылдың соңғы күндерінде бағын сынап көргісі келген 25 жастағы француздық 519 мың 956 еуро ұтып алды.
Ойын автоматының саңылауына 20 еуроцентты әрең салған оған автомат ақша ұтқандығы жайлы белгі берді.
Ойынхана дирекциясы хабарлағандай, жолы болған азамат қуанғаннан сөзінен жаңылысып, болған оқиғаға көпке дейін сенер-сенбесін білмеген.
Бұл ойынхана тарихындағы ең қомақты ақшалай жүлде.