Францияда паранжы киюге тыйым салатын заң мақұлданды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Францияның Конституциялық соты қоғамдық орындарда паранжы киюге тыйым салатын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Францияда паранжы киюге тыйым салатын заң мақұлданды

Заңды француз парламенті қабылдап үлгерді.

Осындай заң жобасы қазіргі таңда Испания, Бельгия және Голландияда талқыға түсіп жатыр.

Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда мұсылман қауым ең көп тұратын ел Франция, мұсылмандар саны 5 млн. адамға жуық.