Францияда пицца пісіретін аспаз 16 жылдан бері қашып жүрген мафиози болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерпол Францияның шығысындағы Сент-Этьен қаласында 16 жыл бойы қашып жүрген мафиози ұсталғанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
None

Калабрия мафиясының «Ндрангета» лақап атымен белгілі өкілі 63 жастағы Эдгардо Греко бейсенбі күні таңертең қамауға алынды.

Ол 1991 жылы қаңтарда екі кісі өлтіру және 1991 жылы шілдеде адам өлтіруге оқталу қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді.

Француз полициясы Греконы итальяндық карабинерлердің екі серіктес елдің I-Can жобасының (Интерполдың Ндрангетаға қарсы ынтымақтастығы) бір бөлігі ретінде бөліскен ақпарат негізінде ұстады.

Италияның ішкі істер министрі Маттео Пиантедоси бұл маңызды бірлескен операцияға өте риза екенін айтты.

Италиялық AGI ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Греко Сент-Этьендегі пиццерияда Паоло Димитри деген атпен пицца пісіруші болып жұмыс істеген.

Болжам бойынша, ол өзі тұрған Козенца қаласындағы ең маңызды Перна-Пранно кланының мүшесі болған.

Өткен айда карабинерлер Сицилияның Палермо қаласында 30 жыл бойы жасырынып жүрген итальяндық мафиози Маттео Мессину Денароны қамауға алған еді.

Фото: Carabinieri di Cosenza


Соңғы жаңалықтар