Францияда Саркозидің бойына байланысты жанжал туып отыр

АСТАНА.  Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Францияда    Николя Саркозидің   төңірегіндегі адамдардың     президенттің   аласа  бойын  жасырмақ болған   талпыныстарынан   жанжал  туындап отыр, 
None
None

деп   хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Өткен  аптада   президент Саркози  автокөліктердің  қосалқы бөлшектерін  шығаратын Faurecia  компаниясының  кәсіпорнында  болған  еді.    Бұл   шара, президенттің     ел экономикасын  өз бақылауында  ұстап отырғанын  паш  ету  мақсатында  өткізілген.     Сол зауытта    президент  жұмысшылардың алдында сөз сөйлейді  және  ол    бойлары  өзімен  қатарлас   компания  қызметкерлерінің  тобының  жанында  тұрып сөз сөйлейді.

Сөйтсе,  Faurecia   компаниясының   бір қызметкер әйелі бельгиялық  RTBF  телекомпаниясына  берген сұхбатында,  оны бойының аласалығына қарап,  президенттің  қасына    тұруын    таңдағанын    айтады.

Кәсіпорын басшылығы  дүйсенбі күні ресми мәлімдеме  жасап,  «Елисей   сарайындағылардың   президентпен  кездесуге  қатысқан  қызметкерлерге ерекше  талап  қойғандығы   туралы»  әңгімені   теріске  шығарды. Бірақ та,   кәсіподақ өкілдері   де француз  бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында,  президент  әкімшілігі  қойған  талаптардың     ішінде    бой  факторы  да  болғанын  айтып  отыр.

Француз басылымдарының  жазуынша,  президент  Саркози   өзінің бойының аласалығын (165-168 см)  қатты  уайымдайды екен.    Бұған дейін  ол биік  өкшелі  туфлимен   бірнеше  рет көзге түскен, ал    мінбеде сөз сөйлеген  кезде    жасырын тұғырнамада тұратын  көрінеді.   Бұқаралық ақпарат құралдары онымен қоймай,   Саркозидің  зайыбы,  бұрынғы фотомодель  Карла Брунидің,    күйеуінің  қасында жүргенде   жай  табан туфли  киетінін    хабарлап  отыр.

Соңғы жаңалықтар