Францияда сайлаудың екінші айналымы қарсаңында «тыныштық күні» орнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда жергілікті уақытпен түнгі сағат 00.00-де президент сайлауының екінші айналымының қарсаңында «тыныштық күні» орнады. Бұл уақытта сайлаудың қорытындасына болжам жасалған кез келген материалды жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ, сайлауалды митинг өткізуге болмайды. Бұл туралы France Press хабарлайды.
None
None

Енді тек дауыс беретін күн - 7 мамырда жаңа мемлекет басшысын сайлауға үлес қосатын француздықтардың нақты саны белгілі болады. Әлеуметтік қызметтің болжауынша, бұл жолы сайлаушылар дауыс беруге өте аз қатысып, белсенділігі бойынша антирекорд орнатады. Францияда әдетте президент сайлауы үлкен қызығушылық тудырып келген еді.

Сайлаудың бірінші айналымда 24,01% дауыс жинаған «Алға» қозғалысының басшысы Эммануэл Макрон мен елдің 21,3% азаматы қолдау білдірген Марин Ле Пен арасында қызу тартыс жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар