Францияда шоколадтан жасалған туындылар көрмесі өтті

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Францияда суретші Патрик Роджер шоколадтан жасалған туындыларын көрмеге қойды. Тәтті туындылардың ішінен кірпі, тауық, қояндар мен өзге де жануарларды кездестіруге болады, деп хабарлайды 24.kz.

Францияда шоколадтан жасалған туындылар көрмесі өтті

Олардың құны жиырма еуродан басталады. Айта кетейік, бұл өнерсүйгіштің бірінші көрмесі емес. Бұған дейін де шоколадтан басқа мүсін түрлерін жасап, көрермендерді талай таңқалдырған болатын. Оның ішінде Роджердің 2009 жылы «Берлин қамалының» құлауына 20 жыл толуына орай шоколадтан жасаған 15 метрлік шыршасын айтуға болады. Ал өткен жылы биіктігі 3 метр ағаш жасады. Оның жанына ісмер маймылдың мүсінін де жасап қойған болатын.