Францияда сутегімен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз сынақтан өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда сутегі отынымен жүретін әлемдегі бірінші пойыз сынақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Францияда сутегімен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз сынақтан өтті

Алдағы бірнеше жылда осындай пойызды тағы 14 рет сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Мұндай пойыздар 2025 жылдан бастап қолданылмақ. Бұл туралы Франция транспорт министрі Жан-Батист Джеббари сынақ өткізілген пойызбен жүріп өткеннен кейін мәлім етті.