Францияда тағы бір БҰҰ қызметкері Эбола вирусымен ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда тағы бір БҰҰ қызметкері Эбола вирусымен ауруханаға түсті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сьерра-Леонеде етек жайған вируспен күрескен әйел Отанына арнайы ұшақпен жеткізілген, деп жазады хабар.кз.

Францияда тағы бір БҰҰ қызметкері Эбола вирусымен ауруханаға түсті

Науқас қазір бұған дейін дәл осындай дерт жұқтырған медбикені емдеп-жазған госпитальге жатқызылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сай, Эболадан қайтыс болғандардың саны 5 мың адамнан асқан. Осы індетті бүгінде 14 мыңға жуық адам жұқтырған.