Францияда тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Францияның оңтүстік-батысындағы Жоғарғы Пиренеи департаментінде жандарм (полиция) тікұшағы құлап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлады BFMTV арнасы.
Әзірге апаттың себептері мен мән-жайы хабарланбады. Апат биік тауда болды, алайда нақты қай жерге құлағаны белгісіз.