Францияда тұңғыш жүргізушісіз автомобиль сынақтан өтті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Француздың Лион қаласында жүргізушісіз электромобиль сынақтан өтті. Электрмен жүреді, жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін үдете алады, ал бастысы - өздігінен дербес қозғалады - жаңа Navia автомобиліне осындай сипаттама берілген.
None
None

Робот 8 адамды таси алады және оған жүргізушінің қажеті жоқ, деп хабарлады Росбалт Euromag -қа сілтеме жасап.

150 жылдық инженерлік ой жұмысы осындай тамаша техникалық серпіліске әкелді. Жол кодексінде автомобильді жүргізушісіз басқару жөнінде сілтеме болмауына қарамастан, Navia Лионда адамдар тасымалдауға рұқсат алды.

Оның құны едәуір жоғары - 170 мың еуро тұратынына қарамастан, роботқа Швейцария, Құрама Штаттар, Сингапур және Францияның кейбір қалалары қызығушылық білдірді.

Әзірше Navia әуежайда жолаушылар тасуға арналған, бірақ та жуық арада оның қызмет салалары кеңейе түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар