Францияда туристер мінген кеме көпір тірегіне соғылды:15 адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рона өзенімен жүзген "Бельфлер" туристік кемесі көпірдің тірегіне соғылды. 15 адам жеңіл жарақат алды, кемеге қатты зақым келді. Оның алдыңғы бөлігі суға кетті.

Францияда туристер мінген кеме көпір тірегіне соғылды:15 адам жапа шекті

Бұған қарамастан кеме капитаны оны Вьен қаласының маңындағы айлаққа жеткізді. "Бельфлерде" барлығы 117 жолаушы мен 37 экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың басым бөлігі - британдық және германиялық туристер, деп хабарлады ТАСС. Фото: ladepeche.fr