Францияда туристердің ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік департаментінде туристердің ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС BFM-TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Францияда туристердің ұшағы апатқа ұшырады

Өртке қарсы қызмет өкілінің сөзінше, оқиға департаменттің солтүстік шығыс бөлігіндегі алаңдардың бірінде болған. Туристерге арналған шағын ұшақтың құлауынан 2 адам мерт болды. Ұшақтың жанып кетпей, бірден құлағандығы айтылады.